Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Діни экстремизмге жол жоқ

04.12.2020

1354 0

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2020 жылдың маусым-желтоқсан айларында «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметін жүзеге асырды.
Әлеуметтік қызмет аясында ағымдағы жылдың 9 маусымында «Айтбек» және «Жайна» сауда орталықтарында «Қала тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бойынша акциялар өткізілді.
Акцияда қала тұрғындарына ақпараттық танымдық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
15 қыркүйекте Тасбөгет кентінде орналасқан С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде және Белкөл кентінің клубында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Семинар жұмысына кент әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мешіт имамдары, мектеп, балабақша, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі Қ.Кеңесбеков, қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы, дінтанушы Ж.Қарғабаев және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов тақырыптық баяндамаларын жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Аталмыш семинар жұмыстары ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Қызылжарма ауылдық округінің мәдениет клубында және Титов қыстағында орналасқан М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларының жауапты қызметкерлерімен жалғасын тапты.
А.ж. 17 қыркүйегінде Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтерінің мәдениет үйлерінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы семинарлар ұйымдастырылды.
2020 жылдың 22 қыркүйегінде облыстық жастар ресурстық орталығында Дін саласындағы Қызылорда қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің біліктілігін көтеру бойынша Дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, тарихшы-дінтанушы Ахан Жарас Иебергенұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті Аяғанова Алмагүл Жанділдақызының қатысуымен семинарлар өткізілді.
Семинар жұмысына қалалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, мешіт имамдары және жастар өкілдері қатысты.
Семинар барысында дәріс берушілер «Дінаралық келісім ұстанымының саяси сипаты», «Әлемдік өркениетаралық тартыс құпиясы», «Дін мен мәдениет қатынасы», «Деструктивті діни ағым мүшелерінің психологиялық бейнесі және оларды оңалту бағыттары» тақырыптарында хабарламаларын жасап, қатысушылармен пікір алмасып, сауалдарына жауап берді.
Ұйымдастырушылар тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес екі күнге жоспарланған семинар жұмысы 23 қыркүйекте қалалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, қоғамдық келісім төрағалары және білім, мәдениет салаларының мамандарының қатысуымен өз жалғасын тапты.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Қызылжарма, Ақсуат, Ақжарма ауылдық округтерінің тұрғындары және қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерімен Дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы К.Тышханмен кездесулер өткізілді. Ал, 25 қыркүйегінде қалаға қарасты Талсуат, Қызылөзек, Қарауылтөбе және Қосшыңырау ауылдық округтерінде жалғасты.
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегінде «Мұз айдыны» ШЖҚКМК, облыстық жастар ресурстық орталығында, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, Қызылорда жылу электр орталығында және №264, №235, №140, №136 мектеп лицейлерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.
Кездесуде «Дінтанушылар конгресінің» сарапшысы, «Рухани құндылықтарды қолдау» қорының сарапшысы Иманбаев Мейрам Өткілбайұлы «Жат ағымның жетегінде кеткендерге, заң аясында қандай жазалар күтілетіні» туралы хабарламасын жасап, қатысушылармен пікір алмасып сауалдарына жауап берді.
Жоба аясында 2020 жылдың 8-22 қазаны аралығында Дін саласындағы қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің ZOOM платформасы арқылы Қызылорда қаласындағы 54 білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен ата-аналары арасында және жоғары, орта арнаулы оқу орындары, қалаға қарасты кент, ауылдық округ тұрғындарымен жалпы саны 70 онлайн кездесулер өткізілді.
Кездесулерде қалалық ақпараттық-түсіндерме топ мүшелері Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Досмаханов, қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Ж.Қарғабаев, қалалық білім бөлімінің теолог маманы М.Орынбаев, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Қ.Кеңесбеков, Б.Оспанов және Ж.Дәрібаев, қалалық «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Ж.Садықов, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Т.Меңдібай, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің іс-басқарушысы Әбіл Серік Ертарғынұлы қатысып еліміздегі діни ахуалды, деструктивті діни ағымдармен күрестегі жұмыстар, отбасы құндылығы, отбасындағы ана мен әкенің рөлі, бала тәрбиесі, зайырлылық, жастарды патриотизмге, тәлім-тәрбие, ұлттық құндылықты насихаттау тақырыптарында баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Достық үйінде «Дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция жұмысы онлайн және офлайн форматта жүргізілді.
Конференцияда Дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты К.Тышхан, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Діни ахуалды талдау және дінтанулық сараптама институтының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы, философия магистрі А.Кенжеев, «Дінтанушылар конгресінің» сарапшысы, «Рухани құндылықтарды қолдау» қорының сарапшысы М.Иманбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті А.Аяғанова, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ж.Маткаримов, Облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов, дін саласындағы қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшесі А.Есімов тақырыптық баяндамаларын жасап, қатысушылармен өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы діни ахуалды зерделеу мақсатында 2020 жылдың тамыз-қыркүйек және қараша айларында Facebook әлеуметтік желісіндегі «Руханият Және Дәстүр» парақшасы арқылы онлайн форматта әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаларға барлығы қала бойынша 375 респондент қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, тәлім-тәрбие, ұлттық құндылықты насихаттау тақырыптарында 60 постерлер әзірленіп, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Руханият Және Дәстүр», Instagram желісіндегі «ruhanyat01», Вконтакте желісіндегі «Руханият және дәстүр» парақшаларына жарияланды.
Сондай-ақ, жоба аясында а.ж. қараша-желтоқсан айларында Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, теолог Ж.Дәрібаев, республикалық АТТ мүшесі К.Тышхан, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының психолог маманы, психология ғылымдарының магистрі Р.Аманбайқызының қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген азаматтарды райынан қайтару мақсатында 80 адрестік және түзету мекемелерінде 8 топтық кездесулер ұйымдастырылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі Ж.Ахан мен К.Тышханның «Ақмешіт апталығы» газетінде және Facebook әлеуметтік желісіндегі «Руханият Және Дәстүр» парақшасында мақалалары жарияланды.
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша үш бейнероликтер әзірленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: