Бейсенбі, 17 шiлде, 15:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

«Диплом жоқ». Сотта Перизат Қайраттың білімі туралы айтылды

17.07.2025

70 0

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы кезінде айыпталушының біліміне қатысты мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көктемгі су тасқыны кезіндегі қайырымдылық көмекке қатысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу аяқталғаннан кейін, сот дәлелдемелерді зерттеу кезеңіне өтті.

Прокурор Мадина Оразалина айыпталушының біліміне қатысты құжаттардағы мәліметтерді жария етті.

Деректерге сәйкес, Перизат Қайрат Ақтаудағы №10 мектепті бітірген. 2006 жылы ол сол өңірдегі өнер колледжіне – хор дирижерлігі бөліміне оқуға түскен.

«Колледжді аяқтағаны туралы дипломы жоқ. 2006 жылы түскен, 2007 жылы бірінші курсты аяқтаған. Колледжге қабылдану емтихандарына қатысқаны немесе одан әрі оқығаны туралы құжаттар жоқ. TAU университетінен алынған құжаттар бар», – деп оқыды прокурор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: