Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Дипломмен – ауылға» барғандар несиелерін «Отбасы банк» арқылы өтейтін болады

24.04.2023

914 0

1 мамырдан бастап «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушылары несиелерін Отбасы банк арқылы өтейтін болады

Сондықтан қазір қазақстандықтарға, «Дипломмен – ауылға» жобасының қатысушыларына, банктің клиенті болып үлгеру маңызды. Егер бұл әрекет жасалмаса, заемды уақытында өтеу мүмкін болмайды және несие бойынша төлемді кешіктіру қаупі туындайды.

Банк клиенті болудың бірнеше жолы бар:

– Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, оны ағымдағы шот пен депозит ашу үшін пайдалану;

– ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

– жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

Банк клиенті атанған қазақстандықтарға несие шарттары бойынша еш өзгеріс енгізілмейді, олар заемдарын төлеуді жалғастыра береді.

– Елімізде «Дипломмен – ауылға» жобасы өз жұмысын бастағалы бері 38 мың қазақстандық бюджеттік несие алған екен. Біз бұл клиенттік базаны бағдарламаның бұрынғы операторынан алдық. Заң бойынша, осы несиелерге қызмет көрсетуді жалғастыру үшін қарыз алушылар Отбасы банкінен ағымдағы шот ашулары қажет. Клиенттерді хабардар етпей, олардың келісімінсіз біз оны өз бетімізше ашуға құқығымыз жоқ. Сондықтан, «Дипломмен ауылға» жобасының барлық қатысушыларын 2023 жылдың 1 мамырына дейін жеделдетіп, ағымдағы шот ашып, банк клиенті атаныпүлгерулерін сұраймыз. Сонда кез келген екінші деңгейлі банктен клиент осы ағымдағы шотты толықтырып, сол арқылы несиесін өтей алады, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Отбасы банк «Дипломмен – ауылға» жобасының сенімді агенті болып тағайындалды.

Бұл жобада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру және көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

Отбасы банкінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы және Вlockchain технологиясын қолдануының арқасында  азаматтардың түрлі мекемелергебаруынтоқтату мүмкін болды.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап –жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарлайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: