Бейсенбі, 25 желтоқсан, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Директор телефонынан жалған хабар тарады

25.12.2025

73 0

Сурет: upsplash

СҚО құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі алаяқтардың азаматтардың құпия деректерін заңсыз иемденуінен басталатынын айтады. Мұндай әрекеттерде жиі қолданылатын әдістердің бірі – фишинг, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – пайдаланушыны алдау арқылы оның құрылғысына зиянды бағдарламаларды енгізуге немесе жеке деректеріне қол жеткізуге бағытталған айла-тәсілдер жиынтығы. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, «тартымды» сілтемелер, pdf форматындағы құттықтау ашықхаттар, «мынау сен емес пе?» деген мәтінмен жіберілетін apk файлдар кеңінен таралған. Осындай күмәнді сілтемелерге өту немесе файлдарды ашу арқылы қаскөйлер банк шоттарына қол жеткізіп, жеке деректерді иемденуі мүмкін.

«Фишингтік шабуылдар мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне бағытталған жағдайда қауіп деңгейі одан әрі арта түседі. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінің директорының ұялы телефонына зиянды вирус енген. Алаяқтар оның WhatsApp мессенджеріндегі аккаунтын көшіріп, байланыс тізімін пайдалана отырып, педагогикалық ұжымға жалған хабарламалар жіберген. Хабарламада «жаңа нөмір» екені айтылып, мектеп қажеттілігі үшін шұғыл түрде ақша аудару сұралған. Алайда хабарламалар директор ұжыммен бірге жиналыста отырған сәтте жіберілгендіктен, алаяқтық дер кезінде әшкереленді».ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға шақырады. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, шығу тегі белгісіз файлдарды жүктемеу, ал ақша аудару туралы өтініштер түскен жағдайда, ақпараттың шынайылығын тікелей байланыс арқылы міндетті түрде тексеру қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: