Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Донор болу – сауапты әрі жауапты іс

17.12.2024

137 0

Бүгін Қызылорда облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен «Донор бол, өмір сыйла!» акциясы өтті.

Қашанда көмекке ділгір жанға қол созуға әзір құтқарушылар бұл акциядан да қалыс қалмады. Себебі олар кішкене қан беріп, адам өмірін алып қалу қызметтік міндет қана емес, адамгершілік белгісі деп біледі. Сондықтан болар жыл сайын ерікті түрде қан берушілердің саны артып келеді. Ал Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ бас құтқарушы Шермаханов Ғалымжан 20 жылдан бері тұрақты түрде донорлық қан тапсырып келеді.

Донор болу – сауапты әрі жауапты іс

«Бағамдап қарасақ, қан тапсыру – сауапты әрі жауапты іс. Бұл қадам донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да пайдалы. Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруы¬нан айығып, аяғына нық тұрар еді» -дейді ол.

Донор болу – сауапты әрі жауапты іс

Расында, донор бір рет қан өткізу арқылы орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады. Ал тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар жылына 12 адамды аман алып қалуға көмектеседі екен. Ал, донорлық қан түрлі жарақат алғандар мен күрделі оталар кезінде тіпті бала босану кезінде көп қан жоғалтқан әйелдерге таптырмас ем. Сондықтан болар дәрігерлер донорлық қан құю бұл науқасты аман қалудың бірден бір жолы дейді.

Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: