Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ, 2014-2015 жылдардағы редактор: «Тіл тазалығы – ел тағдыры»

16.04.2022

1317 0

2014 жылдың қаңтар айынан бастап газет «Сыр медиа» ЖШС қарамағына өтті. Осы тұста «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болып қызметке кірістім. Ең алдымен қазақ тілінің бұрмалануына жол бермеуге теңеу­лерді орынды қолдануға, сөздің астарын түсінуді наси­хаттауға мән бердім. Осыған байланысты «Құлағыңа алтын сырға» деген теңеуді оңды-солды қолданып жүргеніміз туралы «Редактор бағанына» жаздым. Ондағы бас­­ты мақсатым – көпшілікке ой салу еді.

Негізі «Ақмешіт апталығы»  – менің жаныма жақын ба­­сылым. Осы газет­тің негізін салған Әдекеңнің жақсылығын көп көрген адаммын. Осын­дай асқар таудай ағалардың аялы алақанын сезінгенімнен болар, кей-кейде өзімнен кейінгі толқынға қанша­лықты жақсылық істей алдым және ағалардың ізгі жолын жалғастыра алдым ба  екен деп ойлаймын. «Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес» дегендей, маған әкемдей қамқор болған Әдекеңнің идеясын жалғасты­ру – бас редактор болу үлкен жауапкершілік жүктеді. Мен осы кездерде барынша тіл тазалығын сақтауға тырыстым. Сондай-ақ ел ішінде айтылып жүрген кей сөздердің дұрыс-бұрыстығын ажыратуға «Ақмешіт апталығы» газеті үлгі болса екен деп бар күш-жігерімізбен жұмыс істедік. Газет беттерінде қаланың тыныс-тіршілігінен бөлек, тарихи, та­нымдық тақырыптарға баса назар аударылды.

Басылымдардың бір ғимаратқа бірігуі Сыр журналистикасына серпін әкелді. Атап айтсақ, Т.Жүргенов атындағы шығарма­шылық үйінің салынуы, редак­циялардың материалдық-техника­лық базамен қамтамасыз етілуі газет мазмұнына да оң әсерін тигізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: