Сәрсенбі, 27 қараша, 01:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

26.07.2021

807 0

Кейбір өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Бірнеше аймақта дабылды ескерту жарияланды.

Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр болады. Солтүстік шығыста қатты дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Дабылды ескерту
26 шілдеде Алматы облысында аптап ыстық – плюс 35-39 градус. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстіктен жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында – шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с.

Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл.

Солтүстік Қазақстан облысында да желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.

Түркістан облысында шаңды дауыл. 40-43 градус ыстық болады.

Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз 24-26 градус, түнде 13-15 градус.

Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз плюс 36-38 градус, түнде – 22-26 градус.

Шымкентте күндіз 38-40 градус, түнде – плюс 22-24 градус.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: