Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Дүкенде екі пышақпен қаруланған ер адам шабуыл жасады

08.12.2025

56 0

Фото: Видеодан алынған кадр

Сәтбаевта дүкенге келген ер адам пышақпен қызметкерлерді қорқытып, дүние-мүлікті бүлдірді. Күдікті ұсталды, оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеодан оның мас немесе өз-өзіне ие емес күйде болып, сатушыларға қорқыту әрекетін жасап, тіпті бір сәтке пышақты өз мойнына тақап тұрғанын байқауға болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүкен қызметкерлері қолда бар заттарды – еден жуғыш құрал (швабра) мен орындықтарды пайдаланып, құқықбұзушыны есік жаққа қарай ығыстырған. Нәтижесінде ол пышақтарды тастағаннан кейін ғана сыртқа шығуына рұқсат берілген. Сол сәттен кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл азамат бұған дейін де бір жасөспірімге шабуыл жасаған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оның психикалық денсаулығында мәселелер болуы мүмкін.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сауда үйлерінің бірінде ер адам дүкен қызметкерлеріне наразылығын білдіріп, сөреден асүй пышағын алып, зорлық көрсетуге қорқытқан, дүние-мүлікті бүлдіріп, оқиға орнынан жасырынған. Зардап шеккендер жоқ. 102 пультіне қоңырау түскеннен кейін күдікті ізі суымай ұсталды, – деп мәлімдеді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: