«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес қалалық орталық алаңда «Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен жаппай дене жаттығуы мен флешмоб ұйымдастырылды.




Мемлекеттік Әнұранмен ашылған шарада алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбiлпатта Алмас Әбдіғаппарұлы мен медицина саласының ардагері Сағындық Шамшиев сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, жиылған жұртты әрдайым денсаулықтың алдын алуға шақырды.


Одан кейін басқарма басшысы бiрқатар бас дәрiгерлерге мерекелiк дипломдар табыстады. Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, акцияда қалалық емханалар мен облыстық қан орталығы және жастар денсаулығы орталығының мамандары денсаулық бұрыштарында халыққа медициналық қарап тексеру көмектерiн көрсетті.





Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
