Енді қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу, неке қию және ажырасу туралы актілерге өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш бере алады. Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту.
«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.
Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады:
- баланың теген ата-анасының немесе ата-анасының біреуінің тегін ауыстыру кезінде;
- ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың атын, тегін, әкесінің атын өзгерткен кезде;
- ұттық дәстүр бойынша тегін әкесінің немесе атасының атынан жасалған тегіне ауыстыру кезінде;
- азаматтық зал актілерінде қате мәліметтер көрсетілсе;
- тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
(Толық тізіммен Ережеде (2015 жылғы АХАТ Ережесінің 167 бабы және ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі) танысуға болады
«Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Аталмыш қызмет Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» – «Отбасы» бөлімінен табуға болады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- қызметтін түрін таңдаңыз;
- куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
- отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
- актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оғн өзгерістер енгізу қажет;
- акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;
- өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
- төлем жасау керек;
- өтінішке қол қою қажет.
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.
Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжиниринг болып табылады.
Аталмыш қызмет ҚР Әділет министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!