Жұма, 30 мамыр, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Екі бала терезеден құлап кетті

29.05.2025

232 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Облыстық полиция департаменті соңғы тәулікте Ақтөбе облысында үш және бес жастағы балалардың көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткенін хабарлайды. Оқиға 27 мамыр күні болған. Біреуі облыс орталығында, екіншісі Алға қаласында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ шомылу маусымы басталмай жатып, екі баланың суға кеткен дерегі тіркелді. Оның бірі Шалқар ауданында, екіншісі облыс орталығында орын алды. Шалқар ауданында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 15 жастағы жасөспірім, Ақтөбе қаласында ата-анасымен Елек өзені бойына демалысқа барған бес жастағы бүлдіршін абайсызда суға құлап, оны ағыс ағызып алып кеткен.

 Жаз басталмай жатып, қайғылы оқиғалардың жиілеуіне байланысты  төтенше жағдайлар департаменті мен полиция басқармасы қызметкерлері  жазғы каникул кезінде ата-аналардан  балалардың жеке бас қауіпсіздігіне тікелей жауапты екендіктерін ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: