Сенбі, 11 қазан, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Екі елдімекен табиғи газға қосылды

11.10.2025

70 0

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында және оған іргелес Ы. Алтынсарин елді мекенінде табиғи газ беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен облыс әкімдігі бірлесе жүзеге асырған. Жалпы құны 7 миллиард теңгеден асады.

Өңірде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Жол жөндеу, ауызсу, жарық және енді табиғи газ – мұның бәрі тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр. Бүгін ерекше күн – Ыбырай Алтынсарин мен Талапкер ауылдарына газ келді. Бұл – үлкен алға басу. Барша тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын, – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Жобаның аясында ұзындығы 200 шақырымнан асатын құбыр тартылған. Ол сағатына 26,7 мың текше метр газ тасымалдауға мүмкіндік береді. Сала өкілдерінің айтуынша, орнатылған жаңа қысым реттегіштер мен тарату жүйесі екі ауылдағы шамамен 7 мың үйді көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл – қатал климат жағдайында аса өзекті шешім.

Биыл 25 жылдығын атап өтіп жатқан компаниямыз Мемлекет басшысының Астана агломерациясының экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын ерекше назарда ұстап келеді. Ақмола облысындағы ауылдарды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлікке де кең жол ашады, – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов.

Газдандыру жобасы алдағы уақытта Астана агломерациясының барлығын қамтып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер әкелмек. Сонымен қатар бұл қадам өңірдің экологиялық ахуалына оң әсер етеді.

Барлығы жақсы жұмыс істеп тұр. Үйіміз жылы, жайлы. Отбасымызбен қатты қуанып отырмыз. Бұрынғыдай көмір, отын тасып әуре болмаймыз. Тоңып қаламыз ба деп уайымдаудың да қажеті жоқ. Газды қосып, керекті температураны қойып қоясың – болды, тыныш өмір сүресің, – дейді Ы. Алтынсарин ауылында алғашқылардың бірі болып газға қосылған 69 жастағы зейнеткер Иман Қойбағаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: