81 жастағы қарт әйел полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орын алған – деп хабарлайды Massaget.kz.
Полицейлер 28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шара жүргізіп, 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғынын ұстаған. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған.
«Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!