Бейсенбі, 09 қазан, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Екі жерде қатар жұмыс істеуге қатысты мәселені министрлік қайта түсіндірді

09.10.2025

129 0

Фото: pixabay.com

Қазақстандық жұмыс берушілер енді қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттарын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуі тиіс. Бұл талап қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында енгізілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жүйеге енгізілген келісімдер еңбек қатынастарының ресми түрде рәсімделгенін растайды.

Бұл – Еңбек кодексінде көзделген норма. Жұмыс беруші еңбек шартын ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Бұл ең алдымен қызметкердің құқығын қорғауға бағытталған. Себебі жүйеде оның еңбек шарты бар екені, еңбекақы мөлшері мен еңбек жағдайы нақты көрсетіледі, – деді вице-министр.

Министрліктің дерегінше, елімізде 7 миллионға жуық жалдамалы қызметкер бар. Соның шамамен 4 миллионы жүйеде тіркелген, қалғандары азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен және өзге де келісімдермен жұмыс істейді.

Кейбір қазақстандықтардың екі жерде қатар жұмыс істеуі заңмен реттеле ме?

Егер азамат негізгі жұмыс орнында және қоса атқару бойынша еңбек етсе, бұл заңмен тыйым салынбаған. Мұндай жағдайда ешқандай шектеу жоқ. Бірақ біз кімнің екі жерде істейтінін арнайы есептемейміз, – деді Ертаев.

Еңбек кодексіне сәйкес, азаматтар бірнеше жұмыс орнында еңбек ете алады. Дегенмен белгілі бір шектеу бар: негізгі жұмыста – күніне 8 сағаттан, қосымша жұмыста – 4 сағаттан аспауы тиіс. Яғни жалпы жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағаттан артық болмауы керек. Ал екі толық ставкамен қатар еңбек етуге заңмен тыйым салынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: