Сурет ашық дереккөзден алынды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласының жылусыз қалуына не себеп болғаны тергеу арқылы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
«Бізде қордаланған проблемалар туралы ауыз ашпау тәжірибесі бар. Осы тәжірибе ауқымды зардаптарға алып келді. Оның салдарын жою үшін қомақты қаражат керек болды. Ол туралы жаңа ғана Премьер-Министрдің бірінші орынбасары да айтты», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев аталған оқиғадан сабақ алу маңызды екенін еске салды.
«Мен болған істен сабақ алып, неге мұндай оқиға болғанын, себебін тергеу жүргізу керек деп ойлаймын. Соның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдаймыз», – деді Президент.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!