Сәрсенбі, 05 қараша, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ел азаматтарына 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар туралы ескертілді

05.11.2025

60 0

Фото: pexels

2025 жылғы 4 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі қазақстандықтарға жүгініп, маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел азаматтарына 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар бары еске салынады.

«Соңғы кезде пошта, банк, байланыс операторы, мемлекеттік орган, техникалық қолдау немесе курьер қызметінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын және 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар көбейіп кетті. Олар сіздің жеке деректеріңіз бен телефоныңызға қол жеткізуді көздейді».«ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

Сіздің білуіңіз керек маңызды ақпарат:

  • 1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
  • күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
  • бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
  • күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.

Пайдалы байланыстар:

  • 1414 – байланыс орталық.
  • 102 – полицияға алаяқтық туралы хабарлау.

«Маңызды: Біз бизнес-аккаунттарды пайдаланбаймыз және мессенджерлерде (WhatsApp, Signal, Viber және т.б.) қолданушыларға хабарлама жібермейміз. Деректеріңізді қорғаңыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: