Сәрсенбі, 18 ақпан, 00:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

17.02.2026

50 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Мейрамбек Есжанов «Су жүйесі» мекемесінің қызметкерлеріне жаңа Конституцияға байланысты түсіндірме-кездесу өткізді.Онда алдағы жалпыхалықтық дауыс берудің мән-маңызы кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ел өміріндегі саяси науқандарға белсенді қатысудың маңыздылығы айтылды.

Жиында Мейрамбек Есжанов Референдум – мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын, халықтың ерік-жігерін білдіретін маңызды демократиялық тетік екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл саяси шара елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ететінін жеткізді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: