Мемлекет басшысының биылғы жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында болды. Жолдауды бастан-аяқ мұқият тыңдап шықтым. БҰҰ жұмысынан бастап, ел экономикасына инвестиция тарту, толық циврланған Alatau City қаласын салу, тағы да жаңадан АЭС салу жобасын ақылдасу, ауыл шаруашылығына қолдау білдіру, көлік-логистика саласын одан әрі дамыту сынды еліміздің әр азаматының қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін салалар мен еліміздің экономикасын көтеруге бағытталған жобалар қамтылды.
Қазақстан алдағы 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай циврлық ел болуы қажет. Осы мақсатта және циврлық әлеуетіміз әлемдік стандарттан алшақтамауы үшін Жасанды интеллект және циврлық даму министрлігі құрылады.
Президенттің тағы бір бастамасы – Парламентті бір палаталы етіп жасақтап, Сенатты тарату. Саяси жағынан бөлек, мемлекеттік бюджет шығындарын азайту бағытындағы оң шешім деп білемін.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында тың жаңалықтар айтылып, саяси және экономикалық бағыттар бойынша үлкен өзгерістер бастау алады.
Тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолындағы Президентіміздің бастамалары ірі жетістіктердің арқауы болсын деп тілеймін!
Маржан Бисенова,
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры,
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!