Сенбі, 21 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ел ертеңі үшін маңызды таңдау

25.07.2021

795 0

Бүгін елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілгелі отыр. Бұл біріншіден халықтың қатысуымен һәм таңдауымен өтетіндігімен ерекше. Сондықтан бұған туған ауылының келешегі үшін алаңдайтын, жаны ашып жауапкершілікпен қарайтын әрбір тұрғынның қатысуы маңызды деп есептеймін.

Ауыл – ел бесігі. Талай тума таланттардың түлеген тұғыры. Қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымыздың алтын арқауы ауыл деп есептеймін. Ал осындай Тәуелсіз Қазақстанның өсіп өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған елді мекендерді білімді, тәжірибелі азаматтардың басқарғаны дұрыс. Кім қандай кандидатқа дауыс беремін десе де әркімнің өз құқығы бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.

Иә расыменде бұл әр ауыл халқы үшін маңызды таңдау болмақ. Өз кандидатурасын ауыл тұрғындарының өздері де, өз мүшелерінің арасынан тіркелген саяси партиялар да ұсына алады.

Бұл ел ертеңі үшін өте тиімді таңдау болады және әділ ашық түрде өтеді деген сенімдемін.

Сұлтанбек Тәуіпбаев,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: