4 маусым республика күніне орай Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кітапханашы Гүлзат Уалиеваның ұйымдастыруымен «Ел рәміздері- еркіндік нышаны» тақырыбында танымдық шара өтті.
Шара барысында орталық қызмет алушыларына мемлекетіміздің айрықша белгілері, ұлттық рәміздері таныстырылып, атрибудтары жайлы айтылды. Сондай-ақ ел рәміздерінің авторлары таныстырылып, қажырлы еңбектері жайлы сөз қозғады.
Сонымен қатар мемлекеттік рәміздер арнайы заңмен қорғалып, оның қадыр қасиетінің жоғары екені айтылды.
Іс-шара соңында орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрханифа Сайлауқызы өз елінің патриоты ретінде бос уақытында салған суретін таныстырып қана қоймай ҚР конституциясында жазылған рәміздер туралы бабтарын оқып, оқырмандарға түсіндіріп берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!