Жексенбі, 15 наурыз, 19:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстаным

15.03.2026

66 0

Фото: №374 сайлау учаскесі

Қоғам белсендісі және журналист Ү. Жарекеева №374 сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады. Ол референдум процесін жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, әрбір дауыс берушінің елдің болашағына қосқан үлесі ерекше маңызды екенін жеткізді.

Ү. Жарекеева өз сөзінде тұрғындарды белсенділік танытуға шақырып, дауыс берудің тек заңдық қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің белгісі екенін айтты. Оның айтуынша, әрбір берілген дауыс – бұл мемлекеттің дамуына және келешек ұрпаққа қалатын құндылықтарға қосылған нақты үлес.

Референдум учаскесінде оның келуі тұрғындардың назарын аударып, атмосфераны одан әрі серпінді, мерекелік көңіл-күйге бөлеп, азаматтық борышты абыроймен атқару мысалын көрсетті. Ү. Жарекеева өз таңдауы арқылы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның маңызын көрсетті және әрбір азаматты ел тағдырына жауапкершілікпен қарауға ынталандырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: