Биылғы алғашқы 10 айда елімізге 75,6 мың тонна мандарин, танжерин және сатсума сорты әкелінді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға көп. Осылайша, кейінгі 10 жылдағы ең жоғары импорт көлемі тіркелді.
Ұлттық статистика бюросы – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты мемлекеттік органның дерегіне сәйкес, 2015-2016 жылдары барлық цитрус пен олардың гибридтерінің импорт көлемі қазіргі көрсеткіштен айтарлықтай төмен болған.
Импорт көлемі артқанына қарамастан, оның ақшалай көлемі қысқарды. 2025 жылы мандарин жеткізуге 37 млн доллар жұмсалды, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 38 млн доллар болған. Орташа алғанда 1 тонна өнімнің құны 20%-ға арзандады.
Алайда бұл төмендеу бөлшек саудадағы бағаларға қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Ресми статистика тұтынушылар үшін нақты баға динамикасын бағалауға мүмкіндік бермейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
