Жексенбі, 01 маусым, 07:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Ел тыныштығын күзеткен нәзік жан

24.05.2025

10 0

Ел тыныштығын сақтау – ең жауапты әрі қиын істердің бірі. Бұл міндетті көбіне ер азаматтар атқаратын сияқты көрінгенімен, бұл салада нәзік жанды, қайсар мінезді арулар да бар. Солардың бірі – Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық полиция бөлімінде қызмет ететін Салтанат Калменова.

Салтанат – ішкі істер саласында он жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Күн сайын таңмен таласа тұрып, аудан тыныштығын сақтау жолында атқа қонады. Қауіптің бетіне тіке қарап, әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – оның басты мақсаты.

Салтанат – тек қызметкер ғана емес, отбасында аяулы ана. Жұмыстан шаршап келсе де, отбасына көңіл бөліп, балаларының тәрбиесімен айналысуды ешқашан ұмытпайды. Оның айтуынша, тәртіп пен жауапкершілік тек жұмыста ғана емес, өмірдің әр сәтінде қажет. Жалағаш ауданы тұрғындары Салтанатты жақсы таниды. Қарапайымдылығы, адалдығы, кішіпейілдігі үшін оны құрмет тұтады. Тұрмыстық дау-жанжалдан бастап, көше тәртібіне дейін – бәріне бей-жай қарамайтын бұл полицей кез келген мәселені сабырмен шешуге тырысады. Әйел бола тұра, мұндай қиын әрі қауіпті салада қызмет ету оңай емес. Бірақ Салтанат бұл жолды саналы түрде таңдаған. Себебі ол – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған. Бүгінде ол жас мамандарға үлгі, ауданның арқа сүйер азаматы.

Ақгүл Қайырбек,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: