Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елде такси бағасы едәуір өсті

30.08.2022

942 0

Қазақстанда бір жыл ішінде такси қызметі 11 пайызға қымбаттады. Республикада бір километрге стандартты тариф 0,35 долларды құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Өңірлердің арасында бағаның ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды: бір жылда – 28,2 пайызға. Екінші және үшінші орындарда Алматы және Атырау облыстары болды: тиісінше 28,1 пайызға және 19 пайызға қымбаттаған.

Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: мұнда такси қызметінің құны 0,5 пайызға артты. Тағы екі облыста – Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бағалар бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Осылайша, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең жоғары тарифтердің бірі тіркелді (1 шақырымға 0,35 доллар). Бізден қымбат қызмет тек Әзірбайжанда (1 километр үшін 0,59 доллар) екені анықталды. Салыстыру үшін: Беларусь пен Өзбекстанда тариф 0,20 долларды, Украина мен Молдовада – 0,22 долларды, Арменияда – 0,25 долларды, Ресейде – 0,30 долларды құрады.

Ең арзан такси бағасыПәкістанда (1 шақырымға 0,19 доллар) тіркелді. Ал Швейцария (4,02 доллар), Кувейт(3,25 доллар) және Сальвадор (3 доллар) тұрғындары такси қызметіне өзгелерден көбірек шығындалатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірістері 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 2,59 миллиард теңгені құрады, бір жыл бұрынғы осындай кезеңдегі табыс 2,45 миллиард теңге болған.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында (1,08 миллиард теңге), одан кейін Нұр-Сұлтанда (641,4 миллион теңге) және Алматыда (431,2 миллион) тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: