Сенбі, 21 желтоқсан, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елдегі 12 мыңға жуық университет түлегі бір жыл ішінде жұмысқа орналаса алмайды

29.08.2022

872 0

Алматыда еліміздің барлық студенттер контингентінің 30 пайызы бар. Мегаполисте 14-35 жас аралығындағы 700 мыңнан астам жас тұрады. Осы мақсатта жастарға, студенттерге арналған оңтүстік шаһарда бірыңғай стандарт әзірлеу жоспарға қойылды, деп хабарлайды Экспресс К

Студенттердің білім алуы мен өмір сүруі үшін жасалатын жағдай жайлы қала әкімдігі жазды. Дерекке сүйенсек, сапа бойынша бірқатар талап жазылады. Өйткені мегополисте 36 жоғары оқу орнына түсуге талпынған талапкерлер саны жыл санап өсіп келеді. Ал жатақхана мәселесі әлі күнге тапшы.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жатақхана орындарының тапшылығы 32 мың орынды құрады. Қоғамдық топ мониторингінің мәліметінше, 95 жатақхананың 12-сі жаңа оқу жылына дайын емес, – делінген әкімдік ақпаратында.

Осыған орай «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға сүйене отырып, қалада бірыңғай стандарт әзірлеу жоспарланбақ. Онда студенттердің оқу орындарында білім алу, тұру және қызмет алу сапасы қарастырылады. Сонымен қатар, студенттерді мегаполистегі өмір жағдайларына бейімдеу және әлеуметтендіру мәселелері де қамтылып отыр.

«Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, ЖОО-ның 12 мыңға жуық түлегі оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жұмысқа орналаса алмайды. Бұл мәселені шешу үшін қалалық мансап орталығын, сондай-ақ комьюнити-орталықтардағы мансап секторларын құру туралы шешім қабылданды. Олар жас жұмыссыздар мен түлектер, бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілер бойынша деректерді жинауға және талдауға жауапты болады», – делінген мәліметте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: