Сейсенбі, 21 қазан, 13:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Елдегі байланыс операторларына жаңа талаптар енгізілді

21.10.2025

126 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда алаяқтыққа қарсы күшейту мақсатында байланыс операторларына жаңа талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, алаяқтықпен күресті күшейтуді көздеген талаптарды министрлік енгізген.

Атап айтсам, абоненттерді анықтау үшін биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілуде. Фрод немесе алаяқтық рұқсат етілмеген байланыс трафигіне теңестірілді. Байланыс операторларының және Ұлттық банктің антифрод жүйелері арасындағы өзара әрекет ету тәртібі бекітілді. GSM-шлюздерді яғни симбокстарды елге әкелу және тіркеу ережелері қабылданды. Бір абоненттің атына тіркелетін телефон нөмірлерінің саны шектелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 30 миллионнан астам күдікті қоңыраулар бұғатталды, – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Осылайша, Қазақстан телекоммуникация саласында өңірлік көшбасшы позициясын нығайтуда.

Іске асып жатқан жобалар бүкіл халық үшін сапалы интернет пен цифрлық қызметтерді қолжетімді етіп қана қоймай, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттырып, цифрлық экономиканың тұрақты дамуына негіз қалайды, – деді Жаслан Мәдиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: