Сейсенбі, 22 сәуiр, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

«Елдігімізге сын болды»: Сәкен Майғазиев қастандыққа тап болған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдірді

22.04.2025

148 0

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев жұмысының алдында қарулы шабуылға тап болған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, оқиға шамамен сағат 20:30-да әкімдік ғимаратының маңында болған. Шабуыл кезінде әкімнің орынбасары жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталды.

“Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз удаманиямен уланбасын деп, тіпті Русланға қару кезенгендердің ұрпақтары үшін уайымдаған жанға оқ атылуы жанға батады. «Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туылады», дегенді қазақ қалай дөп басып айтқан. Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла тағала жеңілдік берсін. Ел игілігі үшін, әулетінің бағына аман болсын”, – деп жазды әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: