Бүкіл түркі халықтарының абызы – Қорқыт ата шамамен X ғасырдың басында өмірге келіп, XI ғасырдың басында дүниеден өткен делінеді. Ол – түркі халықтарына ортақ ойшыл ғана емес, тіпті күй атасы деңгейіндегі тұлға.
Негізі «Қорқыт» сөзінің этимологиясын Ә.Қоңыратбаев – құтты адам, құт әкелетін адам деп көрсетсе, С.Қасқабасов – өмір сарқылды, адам өлді деген мағынаны білдіреді деп санайды.

Қорқыт туралы мифтік әпсаналар көп, ал Қорқыт ата кітабы –эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Бізге белгілі болғандай, кітаптың он екі нұсқасы бар: Яғни, Дрезденде 12 нұсқасы және Ватиканда 6 нұсқасы сақталған.
Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, сонымен қатар “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты.

Бүгінде дария жағасында, қаланың «Ескі базар» маңайында «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы» атты ескерткіш орнатылған. Авторы – Жәркен Ысмағұлов.
Оның биіктігі 12 метрды құрайды. Бұл көркем туынды қасиетті Сыр өңірінің символы ретінде бағалы. Ортасында желмаяға мінген Қорқыт Ата қобызымен бейнеленген.
Жәдігер Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!