Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп ұлтымыздың тектілігін сақтауға қатысты маңызды сөз айтып, жастарды сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Депутат бұл сөзін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбындағы конференцияда айтты.
Сонмен қатар, әлеуметтік желілердің тигізген зиянвн сөз етіп, Сенатордың сөзінше, балалардың көзі мен құлағы нашарлағанын тілге тиек етті. Жеті атасын, тегін білмей үйленіп жатқан жастардың көбейгенін жеткізді.
Адам баласының тектілігі шыққан тегі ғана емес, оның жүріс-тұрысы, ойлау жүйесі, мінез-құлқынан көрініп тұрады. Сонымен қатар білім мен тәрбие, адамгершілік қасиеттер, ұлттық құндылықтарды құрметтеу де тектіліктен көрініс табады. Дегенмен, тектілігімізді сақтап қалуға кедергі келтіріп отырған жайттар бар. «Ауруын жасырған өледі» демекші, өкінішке қарай, еліміз ажырасу және суицид бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Жеті атасын, тегін білмей үйленіп жатқан жастар көп. Әлеуметтік желілер санамызды улап, балаларымыздың көзі мен құлағы нашарлады. Балаларымыз жапырақтың сыбдырын, бұлақтың сылдырын естімейтін болды. Бұл – бәрімізді де ойландыратын, толғандыруы тиіс өзекті мәселелер. Себебі мұндай жағдайда тектілігімізді сақтап қала аламыз ба деп ойлаудың өзі қорқынышты, – деді Сенат депутаты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!