Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 20 жастағы қыздың басынан алып паразит алынды

19.01.2023

826 0

Еліміздің дәрігерлері қыздың басынан алып эхинококк алды, деп хабарлайды BAQ.KZ  «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.

Науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік шағымдарымен түсті. Жүре алмай қалған. Қосымша тексеруден өтіп, басын МРТ-ға түсіргенде эхинококкоз диагнозы анықталды. Бас сүйегіне ота жасалды, – деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері.

Елімізде 20 жастағы қыздың басынан алып паразит алынды

Краниотомия және ісіктерді алып тастау отасы екі сағатқа созылды. Алып паразитті алу отасын жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері Алтай Құлтуманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жасады.

Мидың эхинококты кистасы (ми эхинококкозы) – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразитті ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады.

Уақытылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: