Сәрсенбі, 31 желтоқсан, 21:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Елімізде 50 мыңға жуық жолаушы жаңа жылды пойызда қарсы алады

31.12.2025

44 0

Фото: travelpress.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, жаңа жыл түні 50 мыңға жуық жолаушы тасымалданады. Мереке қарсаңында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, жолаушылар пойыздарының 357 машинисі мен шаруашылық және маневрлік қозғалыстың 698 машинисі кезекшілікке түседі, деп жазады Egemen.kz.

Теміржол вокзалдарында мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 122 билет кассасы, оның 40-ы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жұмыс істейді.

Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларды тасымалдауға 81 пойыз бригадасы және 1 600-ден астам жолсерік жұмылдырылады. 

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

«Мереке түні пойыз бригадаларымен қатар вокзалдар бойынша кезекшілер, анықтамалық бюро қызметкерлері, тасымалдауды басқару орталықтарының диспетчерлері, жол монтерлері және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, жүктердің сақталуы және теміржолдағы тәртіптің үйлесімді жұмысына қатысы бар басқа да мамандар қызмет атқаруды жалғастырады», делінген компания таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, қазір ел аумағында кеңес дәуіріне дейін немесе кеңестік кезеңде салынып, 30 − 40 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген 124 вокзал жаңартылып жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: