Жұма, 27 желтоқсан, 01:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде әлеуметтік төлемдердің бағасы 14,5 пайызға өседі

29.05.2023

787 0

1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды», – делінген хабарламада. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарыда аталған санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейту қажеттігін осы жылдың 29 наурызында өткен VIII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: