Сәрсенбі, 27 қараша, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде алты өнім түрлерінің бағасы арзандады – Министр

11.04.2023

1071 0

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік тауарларының алты түріне бағаның тұрақты төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр осымен алтыншы апта қатарынан алты өнім түрінің арзандағанын айтты. 

“Қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық еті (өткен аптада), картоп, сәбіз арзандады. Қазір Қазақстан бойынша бұл бағалар 1040 сауда нүктесіне жетті», – деді Жұманғарин. 

Министр сонымен қатар қазір елімізде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеді.

«Кәсіпкерлер үшін 20 мың тонна пиязды экспортқа аштық. Қазірдің өзінде жаңа өнім егіліп жатыр. Қант пен күрішті де өзіміз жеткілікті мөлшерде өндіреміз», – деп қосты ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: