Сенбі, 21 желтоқсан, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде баспана бағасы 15 пайызға қымбаттамақ

20.11.2024

394 0

Сурет: sn.kz

Елімізде баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың пайымдауынша, келесі жылы пәтер құны 10-нан 15 пайызға дейін көтеріледі. Себебі бизнестің осы түрі, яғни құрылыс саласына 12 пайыздық қосылған құн салығы қайта енгізілмек, – деп хабарлайды телеарнасы.

Мамандардың сөзінше, құрылыс компаниялары сол салықты қалтадан шығармас үшін шаршы метр құнына қосады. Су жаңа үйлердің құны шарықтаса, ескі пәтерлер де қымбаттайды деген сөз.

Құрылыс компанияларына жеңілдік берілген 2001 жылдан бастап су жаңа баспананың құны 21 есе қымбаттапты. Қайтарда бұл сан тағы өскелі тұр.

«Қазір құрылыс компаниясы үй салып, орта есеппен 15 пайыз пайда табады. Егер 12 пайыздық салық енгізілетін болса, құрылыс компаниясы нөлге жұмыс істейді деген сөз. Сондықтан оларда екі-ақ бағыт бар: пайдасыз істейді немесе шаршы метр бағасын көтереді», – дейді Қазақстан құрылысшылар одағы Астана филиалының директоры Вячеслав Лазарев. 

Әрине, екінші нұсқаны таңдайтыны белгілі. Осылайша, түбінде зардабын тартатын – қарапайым тұтынушы. Өйткені келесі жылы жаңа салынған үйлер аспандайтын болса, сәйкесінше, ескі үйлердің құны да қатарласып қымбаттайтынына риелторлар сенімді. 

«Өйткені бірінші санаттағы тұрғын үй бағасы тым қымбат болады. Сәйкесінше, екінші санаттағы үйдің иесі екінші санатты сатып, бірінші санаттағы пәтер алғысы келеді ғой. Сәйкесінше, екінші санаттағы үй бағасы сол бірінші санаттағы үйдің бағасына қарай өзгереді. Бағасы өссе, сатып алу мүмкіндігі азаяды. Бұл жалпы жылжымайтын мүлік нарығына тікелей әсер етеді», – дейді риелтор Шахрух Асқаров. 

Тұрғын үй нарығының қандай өзгеріске ұшырайтынын уақыт көрсетеді. Бірақ дәл қазір пәтер бағасы айтарлықтай тұрақталып қалды дейді риелторлар. Алматыда 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 25-30 миллион теңгенің төңірегінде. Енді 12 пайыздық салық енгізілсе, дәл сол үйдің құны қаншаға шығатыны келесі жылы белгілі болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: