Сейсенбі, 14 қазан, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Елімізде биыл 600 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

14.10.2025

145 0

Фото:istockphoto.com

2025 жылғы 1 қазанға дейінгі деректерге сүйенсек, елімізде 607,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 269,1 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 153,6 мың азамат еңбекке тартылған. Оның ішінде 12,7 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына, 21,5 мыңы жастар практикасына, 96,6 мыңы қоғамдық жұмыстарға қатысқан. «Күміс жас» жобасы шеңберінде 17 мың адам еңбекке араласса, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 5,6 мың жас тәжірибе жинақтауда. Сондай-ақ, «Ұрпақтар келісімшарты» бастамасы арқылы 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 53 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 49,1 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 45,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 25,9 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 8 075 адам жіберілді, оның ішінде 2 541 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 1 065 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 304,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды», делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: