Топ-баннер2

Жексенбі, 08 наурыз, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Елімізде ғылыми дәрежесі бар азаматтардың қаншасы әйел

08.03.2026

27 0

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әйелдерді бүгінгі халықаралық мерекемен құттықтап, осы саладағы әйелдердің үлесі туралы мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Министрлік деректеріне қарағанда, бүгінде әйелдер Қазақстанның ғылыми әлеуетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарып отыр. Елде магистр, PhD докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ие 120 896 азамат бар. Соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер.

-Бұл – ғылым мен білім саласында әйелдердің орны айқын әрі берік екенін көрсетеді,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда жоғары білім беру жүйесінде де әйелдер жетекші орындарға нық орналасқаны айтылған.

Профессор-оқытушылар құрамындағы әйелдердің үлесі 65,7 пайызды құрайды. Яғни, әйелдер мыңдаған студенттің кәсіби қалыптасуына, азаматтық көзқарасының орнығуына тікелей ықпал етіп отыр.

Сонымен қатар елімізде ғылыми зерттеулермен айналысатын 12 893 әйел бар. Бұл ғылыми қызметкерлердің жалпы санының 56 пайызына тең. Әйел зерттеушілердің жалпы зерттеушілер санындағы үлесі 55,7 пайызды құрайды. Олар іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы және пәнаралық жобаларға дейінгі түрлі ғылыми бағыттарда табысты еңбек етіп келеді.

Жаратылыстану ғылымдарында 3 625 әйел еңбек етсе, инженерлік әзірлемелер мен технологиялар саласында – 2 625, гуманитарлық ғылымдарда – 2 471 зерттеуші қызмет атқарады. Әсіресе гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарда әйелдердің үлесі 65 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіштер ғылым кеңістігіндегі әйелдердің белсенді әрі ауқымды үлесін айқын дәлелдейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: