Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде киікті қолға үйретіп, етін консервілеу жоспарлануда

31.01.2023

758 0

Экология министрлігі ақбөкендерді қолға үйретпекші. Демек, болашақта төрт түлікпен бірге киіктерді де асырау жоспарланып отыр. Ал мамандар етін консервілеп, нарыққа шығарсақ әлемнің ең озық мейрамханалары біздің бұл өнімге жаппай тапсырыс береді деген сенімде деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 

Ол үшін 1 800 бас киік арнайы орындарда ұсталады. Экологтардың пікірінше, бұл бір жағынан ақбөкендер жиі ауыратын жұқпалы пастереллез ауруынының себебін анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. 

Алайда елімізге танымал зоологтар экология министрлігінің шенеуніктері көтерген бұл бастамамен келіспейді. Айтуларынша, киікті қолға үйрету мүмкін емес. Себебі түз жануары кең атырапты жерлерде еркін жүруге машықтанған. Ал шектелген аймақта өмір сүру олардың қырылуына әкеп соғады.

Әзірге киіктерді нақты ату-атпау туралы шешім шыққан жоқ. Бірнеше жыл бұрын қырылуға шақ қалған жануарлардың популяциясы қазір қалпына келген. Алдағы уақытта ғылыми зерттеу жүргізу үшін ғана аулануы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Былтыр киіктің көбейіп кетуіне қатысты Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы шаруалар шу шығарған. Ақбөкендер егіс алқабын таптап, талай шаруаны шығынға батырған еді. 

“Бетпақ дала киіктерінің популяциясы естеріңізде шығар. 90%-ы қырылып қалған пастереллезден. Осындай жағдайлардан киіктерді сақтап қалу. Егер пастереллез індетінен жаппай қырылатын болса, біздің питомниктерде өсіп жатқан киіктер жаппай вакцина алған  және аурулардың барлығына төтеп бере алатындай жағдайда болады иммунитеті”, – деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Комитетінің бас сарапшысы Асқар Әбдірахманов. 

Айта кетейік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елде 1 815 бас киік ату жоспарланып отырғанын мәлімдеген. Тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және 7 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: