Жұма, 27 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде көпбалалы аналар мен 7 жасқа дейінгі балалар автобуста тегін жүреді

30.01.2023

1359 0

Мұндай жеңілдік І топ мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.

Автобуста тегін жүруге құқылы адамдардың санаты кеңейді. 1 наурыздан бастап І топ мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы аналардың барлығы қоғамдық көлікпен тегін қатынайды, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы. 

2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Заңда азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне қатысты түзетулер бар.  

«Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған.

Қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынайтын көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар тегін жүреді.

Сондай-ақ, І топ мүгедектігі бар адамдарға да қоғамдық көлікте жүру тегін. Ал 15-18 жас аралығындағы балалар билет құнының 50 пайызын төлейді. Бұған дейін бұл жеңілдікті 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пайдаланып келді.


Қазақстанның кейбір өңірлерінде заңда көрсетілген жеңілдіктердің бір бөлігі бұрыннан бар. Енді бұл өзгерістер барлық аймақты қамтуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер де қосымша жеңілдіктер беру мүмкіндігіне ие. 

«Тек қоғамдық көлік ішінде арнайы тексеру қызметінің маманына тиісті құжатты көрсету керек. Индустрия министрлігінің айтуынша, әр қаланың жергілікті әкімдіктердің басқа да санаттағы азаматтарға қосымша жеңілдіктер қарастыруы өз еркінде дейді. Сондай-ақ, заңдағы тағы бір өзгеріс биылдан бастап 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер билет құнының жартысын ғана төлеп, автобуспен қатынай алады. Яғни, мектеп оқушыларына 50 пайыздық жеңілдетілген тариф белгіленді», – дейді «Информбюро» тілшісі.

Мектеп оқушылары да міндетті түрде өзінің оқушы екенін растайтын құжатты көрсетуі тиіс. Бұл жеңілдіктердің барлығын автобус, троллейбус пен трамвай қоғамдық көлігінде пайдалануға болады. Тек метрода жүру тарифі басқаша. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: