Сенбі, 21 желтоқсан, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде пияз бағасы қымбаттай ма

24.01.2023

684 0

ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин еліміздегі пияз өндірісіне қатысты түсінік берді.

«Қазір пияз жоғары сұранысқа ие тауарға айналды. Себебі пиязбен айналысатын Өзбекстан, Пәкістан, Ресей Федерациясында өндіріс жоқ. Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал бізде баға 170 теңгеге дейін өсті. Елімізде пияз тапшылығына жол берілмейді. Сондықтан да сыртқы сауда бойынша ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады», – Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың тұтынуына ай сайын 30 мың тонна пияз қажет.

«Қазақстанның шекара қызметі, мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен тікелей сөйлестім. Тұтынушыларды қажетті пияз көлемімен қамтамасыз ету жағдайы бақылауда», – дейді ол.

Сондай-ақ, Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің пияз бағасы қымбаттай ма деген сауалына: «Белгілі бір сомада өсімді күту керек шығар. Мен болжам жасай алмаймын, бұл сұрақ өте субъективті», – деп қысқа қайырды Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, елімізде пияз экспорты үш айға тоқтатылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: