Бейсенбі, 13 наурыз, 15:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Елімізде қант тапшылығы болмайды – Сауда министрлігі 

13.03.2025

12 0

Фото: pixabay.com

Сауда және интеграция вице-министрі Қайра Төребаев елде қант тапшылығы орын алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министр қант тапшылығына қатысты мәселе жақында ғана болғанын айтады. 

«Сондай-ақ елдегі қант зауыттарына көмек көрсетіліп келеді. Олар қызылшаны өңдеп, импорттық шикізаттарды пайдаданады. Сәйкесінше жұмыс жүріп жатыр, сондықтан мұндай мәселе болады деп ойламаймын. Қант апшылығы орын алмайды», – деді Қайрат Төребаев. 

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Төребаев елде сиыр еті бағасының өсуіне қатысты мәлімдеме  жасаған еді. 

«Жыл сайын Өзбекстанға біз 20 мың тонна сиыр етін экспорттаймыз. Ал бағаға келсек, ресми статистикаға сәйкес 2025 жылдың басынан бері баға индексі 8,4% өсті. Бір аптадағы баға өсімі 0,6%. Қазір елдегі 20 аймақта да баға өсімі байқалады. Әр аймақта әртүрлі. Біз айтып отырған Түркістан облысында баға өсімі 3%. Ресми статистикаға сәйкес орташа бағасы 2800 теңге», – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: