Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде қыркүйек айынан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

14.07.2023

579 0

Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды және 28 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылған.

Жоба үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.

1 қыркүйектен бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысына түзету коэффициенті 2,73-тен 3,42-ге дейін, орта деңгейдегі медқызметкерлерде 2,05-тен 2,34-ке дейін өседі.

2023-2025 жылдарда мемлекеттік бюджеттен 22 мың қызметкер үшін 36,11 млрд теңге қажет:

2023 жылы – 5 млрд теңге,

2024 жылы – 15 млрд теңге,

2025 жылы – 15,7 теңге шамасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: