Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.
Бірақ 31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатқаны айтылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!