Дүйсенбі, 16 наурыз, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Елімізде республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді

16.03.2026

48 0

Фото: freepik

2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді.

Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.

— Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі — өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат — мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.

Еліміздің барлық өңірінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймыз! Сәбилерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз, — делінген министрлік хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: