Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы арасында темекі өнімдерін тұтынуға байланысты сауалнама жүргізді. Зерттеу еліміздің барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сауалнамаға 15 жастан асқан, 12 мың үй шаруашылығынан бір-бір мүшеден қатысқан.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, қазіргі таңда темекі шегетіндердің үлесі халықтың жалпы санының 17,5 пайызын құрайды. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7 пайыз деңгейінде болған, – делінген хабарламада.
Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі – 19,1 пайыз, ал қалалық жерлерде – 16,7 пайыз. Темекі тұтынушылардың 93,8 пайызы өнеркәсіптік жолмен өндірілген темекі өнімдерін (сигарет) шегеді.
Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі – 34 пайыз, ал әйелдер арасында – 5 пайыз.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап темекі өнімдеріне (фильтрі бар, фильтрі жоқ сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекі өнімдері) ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрық күшіне енді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!