2029 жылға дейін бұл секторда жұмыспен қамту көрсеткішін 800 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Қазақстан туризм саласында кадрлардың қолжетімділігі бойынша 136 елдің ішінде 71-ші орында. Бұл көрсеткіш кадр тапшылығының бар екенін дәлелдейді, — делінген хабарламада.
Аталған секторда 2023 жылы — 520 мың, 2024 жылы — 550 мың, 2025 жылы — 590 мың адам жұмыс істеген. Ал биыл 640 мың маман қызмет етіп жатыр. Алдағы жылдарда бұл көрсеткіш одан әрі жоғарыламақ.
— Туризм саласындағы мамандар санын 2027 жылы — 690 мың, 2028 жылы — 740 мың, 2029 жылы — 800 мыңға жеткізу жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, республиканың 49 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында туризм саласында кадрлар даярланады. Қазір бұл мамандық бойынша 12 мың азамат білім алып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
