Дүйсенбі, 14 шiлде, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Елімізде тыйым салынған есімдер тізімі бар ма? Министрлік жауап берді

14.07.2025

69 0

Әділет министрлігі балаға ат қою рәсіміне байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналистер министрлікке «Балаларға Алдар Көсе, Аяз Ата сияқты ертегі не мифологиялық кейіпкерлердің есімін беруге бола ма? 30 таңбадан асатын есімдерге шектеу бар ма?» деген сауал тастаған.

Құзырлы орган ат қоюда арнайы шектеулер жоқ екенін мәлімдеді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балаға есім беру – ата-ананың немесе заңды өкілдердің құқығы. Есім қоюға қатысты қандайда бір шектеу не тыйым салынған есімдер тізімі жоқ»,—делінген жауапта.

Яғни, ата-аналар баласына қалаған есімін қоя алады, оның ішінде халық ертегісіндегі кейіпкерлердің есімдері де бар. Алайда бұл есімдер бала құқығын бұзбауы және ақылға қонымды болуы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: