Сурет pixabay-дан
Қазақстанда арзан астықты жеткізу кешіктіріліп жатқандықтан ұн бағасы өскен.
Қыркүйек айының ортасында еліміздің бірнеше өңірінде бидай бағасы көтерілген. Бұл ауа райының қолайсыздығынан және Ресейден астықты Қазақстанда өңдеу үшін тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігінен орын алған.
Нәтижесінде ұн бағасының қымбаттауы 13 өңірде байқалды: Оларға Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары кіреді.
27 қыркүйекте Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік корпорациясы, ҚТЖ және әкімдіктермен бірлесіп кеңес өткізді. Мұнда Азық-түлік корпорациясының қорынан арзан астықты жедел жеткізу бойынша жедел әрекет ету шаралары әзірленді.
“Ұн тартатын операторларға талап етілсе де, түрлі себептермен бұл процесс кешіктіріліп, бүгінде тек Түркістан облысы ғана қажетті көлемдегі арзан астықты толықтай алды», – делінген хабарламада.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин барлық өңірлерге мәселені тездетіп, шешу шараларын қабылдауды тапсырды.
Одан бөлек жиында қант, күріш пен көкөністердің қолжетімділігі де талқыланып, тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!