Сәрсенбі, 25 маусым, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Елімізде жаңа банк пайда болды

25.06.2025

62 0

Фото: Руслан Пряников

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «БиЭнКей Коммерциялық банкі» АҚ-на банк операцияларын жүргізуге лицензия берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Банк Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group Inc. құрылымына кіретіні хабарланды – бұл активтері 106,2 млрд АҚШ долларынан асатын халықаралық қаржы холдингі.

Шетелдік банктің ашылуы – Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуына сәйкес келеді.

Бұл – Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банк лицензиясы.

BNK Банкі әмбебап цифрлық қызметтерді дамытуға, шағын және орта бизнесті несиелеуге және автонесиелеуге басымдық береді.

Қайта құру сәтіндегі ұйымның активтері 25,8 млрд теңгені, ал несие портфелі – 21,8 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл ұйым активтер көлемі жағынан микрокаржылық ұйымдар арасында 15-орынды иеленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: