Сәрсенбі, 08 қаңтар, 20:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді

07.01.2025

249 0

Сурет: www.istockphoto.com

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарланғандай, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті, деп хабарлады turkystan.kz. Осыған байланысты мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да өзгерді. 

Төлқұжат жасату құны:

  • 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
  • Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.
  • 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ ел азаматтары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек ала алады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге мәжбүр болады.

Жеделдетіп әзірлеу:

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру – 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін – 1 771 теңге.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні – 3 372 теңге. 5 жұмыс күні – 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні – 605,31 теңге.

Еске салайық, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға сәйкес, биыл 1 айлық есептік көрсеткіш (АЭК) 3932 теңге болып бекітілді. Өткен жылы 1 АЭК 3692 теңге болған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: