Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жұмыртқа бағасы мың теңгеге жетуі мүмкін

16.07.2021

843 0

Жақында жұмыртқа бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі тауыққа беретін жем жоқ. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін фермерлер жұмыртқаның құны мың теңгеге жетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының жетекшісі Максим Божко ауытқулар әр жаңа маусым үшін дәстүрлі екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2021 жылдың күзінде құс фабрикаларының сату бағасы 35-40 теңге болды, ал сөрелерге 500-600 теңге бағамен қойылды.

«10 дана үй жұмыртқасының бағасы 1000 теңге. Бірақ мұндай баға құс фабрикаларына жетпеген. Бағаның 500 теңгеден жоғары көтерілуі мүмкін, оған жалғыз себеп – астық нарығындағы жағдайдың нашарлауы», – деп түсіндірді Божко.

Ол жем бағасы өткен жылдан бастап, қарқынды қымбаттап жатқанын айтты.

«Шолақсай-1» ЖШС-нің басшысы, Қостанай облысы мәслихатының депутаты, фермер Мәди Ихтиляпов жұмыртқа бағасына тоқталды. Оның айтуынша 2021 жылы жем бағасы міндетті түрде өседі. Барлық ауылшаруашылық өнімдері қымбаттайды.

«Өткен жылы Наурзум аймағының шаруалары шөптің тоннасын 30 мың теңгеден сатты. Біз халыққа оны 8 мыңнан саттық. Кебектің қалтасы 2800 теңге тұрады, бізде 1000. Ал 50 мың астық қалдықтарын өз бағасының жартысына бердік. Бұл бағалар бүгінде біз үшін өзекті», – деді Ихтиляпов.

Сонымен қатар кейде жұмысшылар жетіспеушілігі байқалады. Барлығы ет пен жұмыртқа жегісі келеді, бірақ ешкім жұмыс істегісі келмейді. Уақыт өте келе кадр жетіспейтін болады. Сонымен қатар Ихтиляпов шопандарға айына 300 мың теңге төлемесең, ешкім жұмыс істемейтінін атап өтті.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: